Өрт талдауы көрсеткендей, жылыту маусымы кезеңінде өрттердің көп бөлігі тұрғын секторда пайда болады, себебі жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады.
Пешті пайдалану кезінде тыйым салынады:
- жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға;
- қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
- пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;
- адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізу кезінде үй-жайларда пешті жағуға;
- пешті пайдалану нұсқаулығымен белгіленген уақыттан тыс жағуға;
- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пештің және мұржаның бетінен 0,5 метрден кем қашықтықта кептіруге болмайды.
Жарылған және бықсыған материалдары бар күл мен қоқыс оттықтан тазалағаннан кейін олар үшін арнайы бөлінген орынға шығарылып, үстіне су құйылуы тиіс.
Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды пештердің оттық тесігіне дейін 1,25 метрден кем және пештердің басқа қыздырылған бөліктеріне дейін 0,7 метрден кем қашықтықта орналастыруға тыйым салынады. Қатты отынмен жұмыс істейтін қазандық қондырғыларының түтін құбырлары ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы және күйеден тазартылуы тиіс.
Тұрғын үйлердің сақталуы көбінесе өзімізге байланысты. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін мүлтіксіз сақтау қажет!
Есіл ауданы
ТЖБ аға инженері
Е. Молдаш
Қараулар: 1336