Баспасөз мәлімдемесі

Өткен айда МСҚ түскен жарна мөлшері 7,6 млрд. теңгеден асты

Биылғы жылдың алғашқы айында Медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд. теңге көлемінде жарна түсті.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 қаңтарына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 140,52 млрд теңгені құрады.

Оның 131,86 млрд. теңгесі (шамамен 93,8%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,66 млрд. теңге (6,2% жуығы) — жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Жұртшылықпен байланыс департаменті

13.02.2019
Қараулар: 2862
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz